Current Date: 01-04-2025

Өзбекстанда сәуірден бастап салық жүйесі өзгереді

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Өзбекстан билігі салық жүйесіне бірқатар жаңашылдық енгізуді жоспарлап отыр. Өзгеріс алдымен мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Түрлі деңгейдегі шенеуніктер келешекте декларацияда көрсетілген табысына сай емес мүлікті қайдан алғанын дәлелдеуге міндеттеледі. Президент бұл бойынша заң жобасын әзірлеуді тапсырған. Құжат сәуірден бастап, қоғамдық талқылауға шығарылады.

Ал келесі айдан бастап күшіне енетін нақты өзгеріс кәсіпкерлік нысандарға қатысты. Ертеңнен бастап, фармацевтикалық компаниялар мен медициналық қызмет көрсететін ұйымдар қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі. Пайдалы қазбалар өндіруде жерге құқық беретін құжаттың болуы қатаң тексеріледі. Бақылау-кассалық аппараты мен төлем терминалдарын пайдалану тәртібіне қадағалау күшейеді.

Бехзод Ботыралиев, Мемлекеттік салық комитеті басқарма басшысының орынбасары:

Салықтық құқық бұзушылық бір рет анықталса, кәсіпкер ескерту алады. Егер үш күн ішінде қайталанса, бұл арнайы тексеру жүргiзуге негiз болады. 24 сағаттың ішінде бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесіне мәлімет түседі, бұл туралы бизнес-омбудсменге хабарланады.

Базаркүл Отыншиева