Қазақстандық теннисші, әлемнің 245-ракеткасы Дмитрий Попко Морелия (Мексика) челленджер турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 95-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы Джеймс Даквортпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда Дакворт басымдық танытты — 6:1. Бұдан кейін Попко камбэк жасап, таразы басын аудара білді — 6:2, 6:4.
Бір сағат 47 минутқа созылған финалдық матчта Д. Попко 8 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Дакворт 6 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, 28 жастағы қазақстандық теннисші спорттық жолында екінші челленджер додасының жеңімпазы атанды. Ол 28,4 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тауып, 125 рейтингілік ұпайға ие болды.
Д.Попко ATP жаңартылған рейтингісінде 175-орынға көтеріледі.