Current Date: 01-04-2025

Батыс Қазақстан облысында 700 тұрғын тегін дәрі-дәрмектен құр қалған

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында 700-ден аса тұрғын өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті ала алмай келген. Аудандық прокуратура мұқтаж адамдардың қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегенін анықтады. Олар түрлі диагноздармен диспансерлік есепте тұрған. Заңбұзушылық аудандық ауруханадағы тегін медициналық көмек көлемін талдау аясында белгілі болды. Прокуратураның қадағалауымен тегін дәрі-дәрмекпен қамту ұйымдастырылып, басқа да қажетті препараттарды алуға алдын ала тапсырыс берілді.

Ардақ Мұратқызы