Current Date: 02-04-2025

«Бәйтерек» холдингінің капиталы 1 трлн теңгеге өседі

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

«Бәйтерек» холдингінің капиталы 1 трлн теңгеге ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Нәтижесінде 8 трлн теңгеге дейінгі сомаға несие мен кепілдік беруге мүмкіндік туады. Сондай-ақ шағын және ірі бизнес үшін жаңа несиеге кепілдік беру қорлары құрылмақ. Ал, депутаттар ел экономикасының бюджетке тәуелділігін азайту үшін жеке инвестицияға қолайлы жағдай жасау керек,-дейді. Жиында экономикаға жеке капиталды тарту жолдары кеңінен талқыланды. Әсіресе, салық бойынша ынталандырып, қаржы құралдарын дамытуға негізделген кешенді тәсіл түзілуі қажет деген ұсыныс айтылды.

Азамат Бейбітұлы