Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Реалды

АҚШ көрші елдерден импортталатын көліктерді уақытша салықтан босатты

АҚШ көрші елдерден импортталатын көліктерді уақытша салықтан босатты

АҚШ көрші Мексика мен Канададан импортталатын көліктерді бір айға 25%-тік баж салығынан босатты, деп хабарлайды 24kz.

Ақ үй әкімшілігі бұл шешімді Ford, General Motors секілді ірі автоөндірушілермен келіссөздерден кейін қабылдаған. Бұған дейін ресми Вашингтон көрші екі елден келетін тауарларға 4 наурыздан бастап 25%-тік баж салығын енгізген еді. Президент Трамптың түсіндіруінше, бұл заңсыз көші-қон және есірткі саудасымен күресті күшейту үшін қажет. Жалпы америкалық көлік өндіруші компаниялардың зауыттарының біразы көрші Канада мен Мексикада орналасқан. Себебі бұл елдерде жұмыс күші арзан.