1. 24 сағаттық салқындату кезеңі неге жеткіліксіз деп саналады? Бұл ереженің тәжірибеде тиімділігі дәлелденген бе, әлде бұл жай профилактикалық шара ма?
2. Онлайн-несиелерге алғаш рет жүгінген тұлғаның банкке жеке келуі шалғай ауыл тұрғындары үшін кедергі болмай ма? Бұл цифрландыру ұстанымына қарсы келмей ме?
3. Фрод-кредитті сотсыз есептен шығару қандай тәуекелдер әкеледі? Бұл қаржылық жауапкершілік мәдениетін әлсіретпей ме?
4. Сим-карта сатуға биометриялық талап қою қарапайым азаматтардың жеке өмір құқығын шектемей ме? Бұл талап Қазақстан Конституциясына қайшы келмей ме?
5. Банктерге күмәнді транзакцияны тоқтатуға құқық беру азаматтардың ақшасын шектеусіз бұғаттауға әкеліп соқпай ма? Бұл шешімдердің шектен тыс болуына кім жауапты болады?
6. Осы заң жобасы аясында ұсынылып отырған жеңілдету шаралары инвесторларға, банк секторына және азаматтарға оң әсер еткенімен, бұл ретте қандай жүйелік қауіптер төнуі мүмкін? Қандай алдын ала тәуекел сценарийлер жасалды?
Спикер: Ғалымжан Керімбек, экономист.