Current Date: 15-03-2025

Атырау облысында 20 метрге жететін түтін көптің назарына ілікті: мұнай ұңғымасы өртенді

Бейсенбі, 6 наурызда Атырау облысындағы Западная прорва кен алаңында газ шығып, ұңғымадан будақтаған түтін пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдай болған жерден видеоны PetroCouncil Telegram арнасы жариялады.

Жазба авторларының айтуынша, газ тұтанған, ал түтіннің биіктігі шамамен 20 метрге жеткен.

Ұңғыманы иелік ететін "Ембімұнайгаз" АҚ Telegram-каналында бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Компания мәліметінше, сорғы-компрессорлық құбырды түсіру кезінде перфорациядан кейін газ шыға бастаған.

"2025 жылғы 6 наурызда "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) "Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кен алаңының N437 ұңғымасында перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды (СКҚ) түсіру кезінде газ шыға бастады, бұл СКҚ-ның істен шығуына әкеліп соқтырды. Зардап шеккендер жоқ.

ЕМГ жедел штабы шұғыл шаралар қабылдап жатыр: ұңғыманың аумағы қоршалып, қалыпқа келтірілуде.

Оқиға орнында "Ақ Берен" ЖШС, "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС", "СОП Атырау" ЖШС мобильді күзет жұмыс жасап жатыр", — делінген хабарламада..