Current Date: 09-06-2025

Дәрігер қант диабетіне себеп болатын факторды атады

Қант диабетін күйзелісті бастан өткергеннен кейін бір аптадан соң анықтауға болады. Бұл туралы дәрігер Иван Дедов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

"Күйзеліс иммун жүйесіне әсер етеді, оны бұзады. Мынадай бір мысал болды: төрт жасар бала әжесімен итін далаға шығарған. Бір кезде ит босап кетіп, баланың көзінше оны көлік қағып кеткен. Бір аптадан кейін баладан қант диабеті анықталды", — деді академик.

Иван Дедов бүгінде күйзеліс әртүрлі аурудың пайда болуының негізгі факторларының бірі екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін дәрігер қант диабетінің белгілерін атады. Үнемі көп су ішкісі келу, әсіресе, түнде шөлдеу, ауыздың құрғауы қант диабетінің белгісі болуы мүмкін.

Маманның сөзінше, жиі шөлдеп, жиі зәр шығарып, оған қоса бас айналып, салмақ жоғалтып, ісініп кетсеңіз, шұғыл түрде дәрігерге көрінген жөн.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget