Current Date: 09-06-2025

Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысы аяқталды. LIVE

Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысы аяқталды. Бүгін процеске қатысшулар соңғы пікірін білдірді.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Қазанның 3-нен 4 күні Талғар ауданында болған қайғылы жағдайға қатысты 9 адам сотталып жатыр. Бүгін олар сот отырысындағы ең соңғы пікірін білдірді. Айыпталушылар кінәсін ішінара мойындағанымен, Шерзаттың өлімін ешқайсысы мойнына алмады. Олар жәбірленуші тараптан кешірім сұрап, қайғылы жағдайға өкінетінін жеткізді. Әрқайсысы өзінің отбасылық жағдайын алға тартып, сот төрағасы Ержан Жанұзақовтан жазаны жеңілдетуді әрі Қаржаубай Нұрымовқа да іс қозғауды сұрады.

Айта кетейік, кеше Прокурор Дана Сәрсенбай судьядан «адам өлтірді» деген айыппен: «Абзал Шынасылға 23 жыл және «адам өлтіруге оқталу» бойынша Равиль Сәкиевке 20 жыл бұзақылық бабы бойынша Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға сотталуы керек», – деді. Қалған төрт адамға 7 жылдан, кәмелет жасына толмаған жасөспірімді 1,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Осымен 10 сәуірде басталған сот отырысы аяқталды. Енді маусымның 5-і күні дүйім жұртты дүрліктірген атышулы іске қатысты сот үкімі шығарылады.