Алматыда құрылыс алаңының бірінде мұнаралы кран құлап, салдарынан операторы қаза тапты.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кран операторы 61 жастағы ер адам. Құрылыс алаңының қақпасы жабылған, түсірілім тобын аумаққа кіргізбеді. Тілшіміз қашықтан түсірген видеода кранның салынып жатқан көп қабатты үйге жапсарлай құлағаны көрінеді. Осы дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда.