Current Date: 09-06-2025

Түркістанда мемлекеттік қызметшілер ант берді

Түркістанда рәміздер күніне орай 10 адам мемлекетке қызметке алынды, деп хабарлайды 24KZ. Олар жұмысқа адал болып, кәсіби қызмет көрсетуге серт берді.

Маңызды шараға сала ардагерлері қатысып, жас мамандардың еңбек жолдарына сәттілік тіледі. Мерекелік шараға қатысушылар мемлекеттік рәміздер кез келген елдің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін оның ажырамас нышаны екенін атап өтті. Жалпы Түркістан облысы аумағында 26 рәміздер алаңы бар. Биыл тағы екеуі ашылады деп жоспарланған.

Оспанғазы Жанқожаев, облыстық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Мемлекеттік рәміз деген – ол біздің шекарамыз, ол біздің елдігіміз, ол біздің еліміздің бейбіт аспан астында өмір сүруі және салт-ғұрпымыз. Соның барлығын насихаттап көрсететін, елдігімізді танытатын біздің рәміздеріміз. Соған қарап, біздің еліміздің кім екенін бүкіл дүниежүзі таниды. Мейрам құтты болсын.