Түркістан облысында «Тараз – Шымкент» автожолының 653 шақырымында жүк көлігі апатқа ұшырады. Рұқсатсыз қозғалған ірі габаритті көліктің жолдан шығып кетуі салдарынан тасжолда кептеліс пайда болды.
Қазір қозғалысқа ауыр жүк көлігін жолға қайтадан шығару үшін жол қызметі жұмыс істеп жатыр. Оған 4 автокран тартылды. Оқиға орнында жол қызметі мен Полиция департаменті бірлесіп, көлік қозғалысын бір жолақпен реверсивті түрде ұйымдастырды. Бұл шара жол бойында көлік кептелісін алдын алуға бағытталған.