Current Date: 09-06-2025

Жетісу облысында қарақұрт шаққан бір адам ауруханаға жеткізілді

Жетісу облысында қарақұрт шаққан бір адам ауруханаға жеткізілді. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында науқас дін-аман. Қазіргі жағдайы тұрақты, дейді дәрігерлер.

Өрмекшінің бұл түрі өте қауіпті. Сондықтан мамандар тұрғындардан сақ болуды сұрайды. Күн ысыған сайын қарақұрттың күшіне мінетінін ескерсек, аула мен үй айналасын таза ұстап, шөп арасын мұқият қараған жөн. Ал шаққан жағдайда бірден медициналық көмекке жүгіну керек.

Дамир Нұрмұхамет