Current Date: 12-06-2025

Винисиус айлығын азсынып жүр

«Реал» футбол клубында жік шықты. Мбаппе мен Винисиус арасында текетірес басталды. Басты кейіпкер – Винисиус Жуниор. Ол «Реалмен» жаңа келісімшартқа отыру үшін Мбаппемен бірдей жалақы талап етті – жылына 15 миллион еуро сұраған. Тағы келісімге қол қойғаны үшін «сыйақы» ретінде 30 миллион еуроға дәмелі. Бұл туралы Испанияның ДонБалон сайты жазды. Винисиус «Мен бұрыннан командам үшін ойнап келем, көп үлес қостым. Енді неге менің бағам төмен?» дейді. Ал клуб басшылығы «Жаңа жұлдыздар келді, бәріне бірдей ақша бере алмаймыз» деп жатыр. Клуб оған «Жалақыңды сәл көтереміз, бірақ жарнама арқылы көбірек табуыңа мүмкіндік береміз» деген. Бірақ бразилиялық футболшы мұны азсынып отыр. Айта кетейік, «Реал» мен 25 жастағы аяқ доп шебері арасындағы келісімшарт келесі жылы 30 маусымда аяқталады.

Асылбек Данияр