Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасы шеңберінде алғашқы вагондар бастапқы станцияда рельске қойылды. Жақында жеткізілген екі ірі автотрайлер қазіргі уақытта жалпы автотұрақтың жанында тұр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Құрылыс алаңында жұмыс қызу жүріп жатыр: мамандар рельс үстінде де, төменгі бөлікте де монтаж жұмыстарын жүргізуде. Жобаның сынақтық іске қосылуы 2025 жылдың соңына жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
CTS компаниясының хабарлауынша, ұзындығы 60 метр болатын жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі толық автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Аталған жүйе есіктерді автоматты түрде ашу мен жабуды, қозғалысты басқаруды, жылдамдықты реттеуді, пойыздардың арасындағы арақашықтықты бақылауды, сондай-ақ депоға кіру мен шығуды қамтамасыз етеді.
Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе пойыз қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады.