Жамбыл облысында экология Департаментінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты. Өңірдің бас экологы темір зауыты басшылығынан пара алғаны үшін істі болған еді.
Судья 24 млн теңге алған экс-шенеуніктің жазасын айыппұлмен шектеді. Енді ол қазынаға 1 млрд теңгеден астам айыппұл ақысын төлеуі тиіс. Бірақ бұл соманы ол Тараз металлургиялық зауыт директорының орынбасары мен экологымен бірлесе өтейді. Сот шешімімен үшеуі де мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқара алмайды.
Айта кетейік, аймақтың бұрынғы бас экологы ақша алу арқылы кәсіпорынның экологияға зиян келтіру деректеріне көз жұмуға келіскен.
Данияр Әлімқұл