KEGOC компаниясы 60 млрд теңгеге жуық пайда тапты. Бұл – былтырғы көрсеткіш. Таза кіріс көлемі жылдағыдан 35%-ке артқан. Бұл туралы елордада AIX халықаралық биржасында өткен «Эмитент күнінде » айтылды.
Назерке Тоқжан, тілші:
- Былтыр KEGOС компаниясының таза табысы 59,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл бұған дейінгі көрсеткіштен 37%-ке көп. Мамандар биыл компанияның кірісі тағы 13%-ке өсуі мүмкін екенін айтады.
Эльвира Қонақбаева, KEGOС АҚ Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры:
- KEGOС компаниясы акционерлеріне дивидентті жылына екі рет төлейді. Ол таза пайданың кем дегенде 60%-ін дивиденттерге жібереді. Егер 2024 жылы жалпы дивидентін қарайтын болсақ, ол 45 млрд теңгені құрады. Әрбір акцияға 163 теңге дивидент төленді. 10 Жылдың ішінде KEGOС компаниясы 305 млрд теңге астам дивидент акционерлерге төленді.
Әлем елдері жасыл энергияға бет бұрған кезде Қазақстан да көштен қалыс қалмауы тиіс. Қазір бұл бағытта компания екі үлкен жобаны қолға алды.
Эльвира Қонақбаева, KEGOС АҚ Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры:
- Ол – оңтүстік аймақтың желілерін нығайту жобасы, сонымен қатар батыс аймағының желілерін бірыңғай электрэнергетикалық жүйеге қосу. Олар 2027 жылы аяқталады.Бұл жобалардың негізгі мақсаты – біздің электр желілерінің сенімділігін нығайту, сонымен қатар қарқынды дамып жатқан жаңартылған энергия көздерін біздің жүйеге тиімді интеграциялау.
Мамандардың айтуынша, 2029 жылға қарай біздің ел қазіргіден 30%-ке көп электр энергиясын жұмсайды. Демек KEGOС компаниясының қаржылық көрсеткіші еселеніп, нарықта берік орнығады. Биыл компания 67 млрд теңге пайда табуды көздеп отыр. Оған стратегиялық маңызы бар бірнеше жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген.
Авторы: Назерке Тоқжан