Ертең Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтеді. Осыған орай елге Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келеді. Маңызды шараға байланысты 16-18 маусым аралығында Астанада бірнеше көше жабылады. Олар халықаралық әуежайдан бастап Мәңгілік Ел даңғылынан Қонаев көшесіне дейін. Ал 17 маусымда келесі көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Шерхан Мұртаза көшесіне дейін, Тәуелсіздік даңғылындағы Керей-Жәнібек хандар көшесінен Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейін. Сондай-ақ 17 маусымда сағат 14:00-ден 20:30-ға дейін Бейбітшілік және келісім сарайы маңындағы Аманжолов және Нәжімеденов көшелерінде де қозғалыс уақытша шектеледі. «Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысында болатын өзгерістерді ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн», – деп ескертеді Астана әкімдігі.
Самал Қабышева