Current Date: 17-06-2025

Шакенти мен Бишімбаевтың видеосы: полиция шешім қабылдады

Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен актёр Шәріп Серіктің жасанды интеллект арқылы жасалған видеосына қатысты дау жалғасын тапты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актёр бұған дейін полицияға жүгініп, жалған ақпарат таратып, жала жапқаны үшін шағымданған еді. Алайда полиция іс қозғаудан бас тартқан. Бұл туралы Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізілді. Видеоны жасау кезінде жеке басқа қол сұқпау туралы заңнаманы бұзу, жеке деректерді және азаматтардың құқығын бұзатын өзге де жайттар анықталған жоқ. Тексеріс қорытындысы бойынша құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты өтінішті қараусыз қалдыру туралы шешім қабылданды", — деді ведомство өкілі.

Еске салайық, бұған дейін танымал актёр қызды ұрып-соқты деп айыпталғаны, полиция тексеріс бастағаны хабарланды.

Әлия Бутеева есімді қазақстандық сурет-видеолар жариялады. Кадрларда актёр Шәріп Серік қыздың артынан жалаң аяқ жүгіріп шығып, қолынан ұстап, лифттен шығарып алғаны көрінеді. Ал суреттен қыздың беті қызарғаны байқалады.

Актёр Шәріп Серік желідегі видеодан кейін "қара тізімге" енді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget