Current Date: 17-06-2025

Ақмола облысында әскери-патриоттық клуб көбейді

Жасөспірімдерді алғашқы әскери дайындықтан өткізіп , қарым-қабілетін шыңдайтын 226 клуб бар.

Клуб мүшелері республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып, өңір намысын қорғап жүр.

Жоғары педагогикалық колледж жанынан құрылған «Айбын» әскери-патриоттық клубы спортқа бейім, оқуда озат студенттерді қабылдайды. Сап түзеген тәрбиеленушілер әскери қызметкерден кем емес. Санаулы секундттың ішінде автоматты шашып, қайта жинайды.

Балалар іріктеуден өтіп барып, құрамға алынады. Студенттер күнделікті жаттығу жасап, шынығып, әскери дағдыларды меңгеріп жүр.

Әмір Қажыақпаров, студент:

- Осы клубта жүргенде мен өзіме деген сенімділікті, осы Отанға деген, патриотизмге деген тағы да басқа жан-жақты дамып, физикалық тұрғыдан болсын, психологиялық тұрғыдан болсын өзімді жетілдіріп келе жатырмын.

Әскери-патриоттық клуб 2011 жылы құрылған. Қазір клуб құраманында 20-ға жуық студент бар. Оның бесеуі қыз бала.

Нұржамал Амантай, студент:

- Бізге қиындық тудырмайды. Себебі әр адамның азаматтық борышы деп санаймын отанын қорғау, елін сүю. Және де егер адам арманына жете білсе кез-келген дүние қолынан келеді. Ең бастысы, өзіне сенімді болу керек.

Былтыр клуб мүшелері үшін жемісті жыл болды. Олар республикалық және облыстық жарыстарда топ жарды. Айбындықтар арасында жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық жастар жиынында бірінші орынды иеленді. Қазір студенттер осы ауқымды да жауапты сайысқа дайындалап жатыр.

Айдынбек Құмаров, студент:

- Біздін балалар тек физикалық бағытта емес, өздерін аq-ти бағытында да шыңдап жатыр. Мысалы, осы республикалық жарыста болатын «Жас сарбаз» жиынында смарт сарбаз деген болады. Смарт сарбазда біз осы аити саласының бүкіл мүмкіншіліктерін қолданамыз.

Әрбір жарыс алдында балаларға психологиялық қолдау көрсетіледі. Бұл олардың өзіне деген сенімділігін арттырып, рухын оятады, дейді клуб жетекшісі.

Қуаныш Қалиев, клуб жетекшісі:

- Психологиялық тұрғыда психологтар балалармен сөйлесіп отырады. Неше түрлі ойындар өткізеді. Рухты көтеру деген сияқты. Дебаттар, беседалар арқылы балалардың рухын көтеру мақсатында психологиялық дайындықтар өткізіліп жатыр.

Қазір Ақмола облысындағы әскери-патриоттық клубтарда 5 мыңнан астам бала шынығып жүр. Ұйым саны да жылдан жылға көбейіп келеді.

Абзал Балтабаев, Евгений Шинкаренко