0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Қызылордада ақбөкендерді қырып салған броконьерлер ұсталды. Полицияның құрығына түскен қаскөйлер 120-дан аса киікті атып алған.
Арнайы рейдке шыққан сақшылар күдік туғызған Volkswagen Crafter автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде ішінен 39 дана ақбөкеннің денесі табылған. Көбі мүйізді текелері. Бұған қоса күдіктілердің қаладағы үйін тінту барысында атылған киіктер тағы табылды.
Серік Тоқтыбаев, Қызылорда облыстық ПД бастығының І орынбасары:
Осы күдіктілердің бірінің үйінде 84 дана киік жануарларына ұқсас өлі денелері, 14 дана бас бөліктері, 6 дана терісі анықталды. Облыстың үш күдікті тұлғалары анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Әділбек Серікұлы