Current Date: 17-06-2025

14 моноқалада «Smart City» жобасы қолға алынды

14 моноқалада Smart City жобасы қолға алынады. Бұл қаланың инфоқұрылымын жаңғыртып, цифрландыруды жетілдіру үшін тың серпін береді. Моноқалалардың мәселесі Қарағандыда өтіп жатқан республикалық форумда талқыланды. Жиынға елдегі 20 шағын шаһардың әкімдері қатысуда. Форумның Қарағанды облысында өтуінің өзіндік себебі бар. 1 жыл бұрын шағын қалалар тізмінен өз алдына дербес шаһар атанған Саранның жетістігін өзге қалаларға үлгі етіп, экономиканы дамыту үшін нақты бағыт-бағдар көрсету. Қазіргі моноқалалардағы басты проблеманың бірі – жұмыссыздық. Ол үшін шетелдік немесе жергілікті инвесторларды тартып, кәсіпорындарға барынша жағдай жасау керек дейді мамандар.

Қайсар Нығметов, экономикалық зерттеулер институты өңірлік орталығының директоры:

Ең нақты кейс, ең нақты мысал – ол Саран мен Текелі. Себебі олардың экономикасын әртараптандыру жақсы нәтижеге жеткізді. Көбнесе жаңа өндіріс ашты, жаңа инвесторлар шақырды.

Жандос Бақытұлы