Сыбайлас жемқорлық бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты кәсіпкерлер де тергеуге шақырылады. Өйткені қазір шенеуніктер қазына қаржысын көбіне тендер арқылы жымқырады. Ал кәсіпкерлер «заңнан бейхабар едім, бұл әрекетімнің сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын білмей қалдым» деп жиі ақталады. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеке компаниялардың да онлайн-курстан өтуіне жағдай жасады. Кәсіпкерлер бұл курстан қалай және қай жерде өтеді? Бүгін осы туралы айтамыз.