Current Date: 19-06-2025

Премьер-министр малайзиялық электромобиль шығарушы компанияның басшысымен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов малайзиялық Proton Holdings Berhad компаниясының бас директоры Чунронг Лимен кездесті. Тараптар Proton Holdings компаниясының Қазақстанда электромобильдер шығару жоспарын талқылады. Бұл компания Малайзия нарығында машина жасау саласындағы көшбасшы. Үкімет басшысы Қазақстан Президентінің заманауи технологияларды енгізу арқылы өндірістерді локализациялау және жаңа жұмыс орындарын ашу, машина жасау саласын дамыту міндетін қойғанын атап өтті. Биыл бірінші тоқсанында аталған салаға 55 млрд теңге инвестиция тартылған. Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асыру үшін өзара тиімді ынтымақты дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті Жол картасын әзірлеу тапсырылды.

Чунронг Ли, Proton Holdings Berhad компаниясының бас директоры:

Малайзияның Қазақстанмен қарым қатынасы өте жақсы дамып келеді. Компания жаңа нарыққа шығу мәселесін тереңірек зерттеу үшін осында келуі керек деп есептеймін. Сондай-ақ маркетингтік зерттеулер жүргізу және Қазақстанмен ынтымақты ілгерілету үшін жергілікті әріптестермен өзара іс-қимыл орнатқымыз келеді.

Темірлан Нұрсолтан