Сирияның Латакия провинциясында қауіпсіздік күштері мен бұрынғы Президенттің жақтастары арасында қарулы қақтығыс болып, 70 адам көз жұмды.
Арасында бейбіт тұрғындар да бар. 3 ай бұрын Сирияда Президент Башар Асад билігі құлап, мемлекет оппозициялық күштердің қолына көшкен. Қазір елде өтпелі кезең жалғасып жатыр. Бұл билік ауысқаннан бері болған ең ірі қақтығыс. Осыған байланысты Латакияда коменданттық сағат жарияланып, өңірге қосымша әскерилер жіберілген.