Current Date: 15-03-2025

Әуежайда әйелді кепілден құтқарған азамат «Ерлігі үшін» медалімен наградталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым « Ерлігі үшін» медалімен наградталды.

Еске салайық, бүгін Алматы әуежайында 66 жастағы ер адам әуежайда жұмыс істейтін әйел адамды шашынан ұстап, пышақпен қорқытып, кепілге алған болатын. Кепілге алынған келіншекті сол жерде болған Мұса Әбдірайымов құтқарып алған.