Current Date: 01-07-2025

"Өмірде бәрі болады": Отбасындағы қиындықтарды ашып айтқан Қабатовтың әйелі ел алдында жылап жіберді

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова алғаш рет отбасындағы қиындықтармен бөлісті.

Өнер иесі ел алдында көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мөлдір Мұқанованың еңіреп жылап отырған видеосы желіде тарап кетті. Онда әлдекімнің оны жұбатып, өмірде бәрі болатынын анық естуге болады.

«Мынадай сөз бар ғой жаным-ау: «всем на зло» деген. Әлі жарқырайсың көр де тұр. Өмірде бәрі күшті болады. Жаным жылама, жыламашы, мені де жылатасың қазір. Ауыр болып тұр, білемін. Бірақ Алла тағала бәрін реттейді. Жылама», — деп айтады кадр сыртындағы адам.