Current Date: 28-06-2025

"Бес ағайынды, балалар үйінен": Атышулы кәсіпкер Тұрсын Алагөзов эфирде көз жасын тоқтата алмай, еңіреп жылады

Танымал кәсіпкер, продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсын Алагөзов Айсәуле Бақытбекке сұхбат беріп, жылап жіберді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Кәсіпкер студияда көз жасына тоқтата алмай, еңіреп жылады.

«Анам балалар үйінде өсті. Ол бізді ағам Асқар екеумізді шексіз махаббатпен өсірді. Ешқашан бізге айғайлаған емес, бізге қол көтеріп те көрмеген. Ешқашан бізді кекетіп, кемсітпейін.

Бізді тек мейіріміне бөлеп өсті. Мұндай естеліктерді көз жазсыз айту мүмкін емес. Әсіресе, кішкентай қыздарымды қарап отырып, көз жасым кейде тоқтайтын емес.

Менің осы өмірде осындай адам болып қалыптасуыма анамның үлесі зор деп ойлаймын. Ол дүниеге келгенде, үйінде бес ағайынды болған. Балалар үйінде болғандықтан, оған Бекет деген ат берілген.

Сосын ол 16 жасында төлқұжатын алып, өзінің есімін Клара деп ауыстырды», — деп ағынан жарылды кәсіпкер.