Current Date: 29-06-2025

Алматыда жоғалып кеткен 70 жастағы әйел өлі табылды

Алматыда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 70 жастағы әйел өлі табылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Lider.kz еріктілер ұйымының мәліметінше, 1954 жылы туған Галина Ивановна Коновалова 24 маусымда сағат 17:00 шамасында "Дружба" атты тұтынушылар бақша кооперативі ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Бұған дейін әйелдің есте сақтау қабілеті нашар.

Із-түзсіз кеткен әйелдің денесі 28 маусымда табылды. Оның неден қайтыс болғаны әлі айтылмады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget