Current Date: 01-07-2025

Францияда қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынды

Францияда енді қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды, деп хабарлайды 24kz.

Заң бүгіннен бастап күшіне енді. Шектеу шарасы жағажай, саябақ, аялдама мен мектеп және кітапхана секілді адамдар көп жүретін жерлерді қамтиды. Қазір Францияда 18 бен 75 жас аралығындағы тұрғындардың төрттен бір бөлігі шылым тартады. Темекінің кесірінен жыл сайын 75 мың адам көз жұмады. Ел үкіметі 2032 жылға қарай темекіге тәуелді адамдардың санын 5%-ке дейін азайтуды жоспарлап отыр.