АҚШ Сенаты Дональд Трамптың қорғаныс пен шекара қауіпсіздігіне салықты азайту және бөлінетін қаржы көлемін арттыру туралы заң жобасын мақұлдады.
Құжатты 50 депутат қолдаса, тағы соншамасы қарсы шыққан. Жоғары палата спикерлігін қоса атқарып жүрген вице-президент Джей Ди Вэнстің дауысы шешуші болды. Заң жобасы бұған дейін Өкілдер палатасының мақұлдауынан өткен болатын. Құжатты 4 шілдеге дейін қабылдау жоспарланған.