Current Date: 03-07-2025

Дәрігерлер «Таза бейсенбі» науқанына атсалысты

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы шеңберінде «AMANAT» партиясы әр апта сайын «Таза бейсенбі» науқанын өткізетіні белгілі. Бұл жолғы экологиялық акцияға медицина қызметкерлері қатысты. Олар елордадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының аумағындағы гүлзарларды тазартып, жасыл-желекке күтім жасады. Игі іс-шараға 50-ге жуық маман қатысты.

Асхат Сапаров, ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы төрағасының орынбасары:

- Клиникамыз шұғыл медицинаны ұйымдастыру орталығы ғой. Біраз адамымыз қазір жұмыста. Түрлі операциялар жүріп жатыр. Қабылдау бөлімінде ауруларды қабылдап, оларға ем көрсетіп жатыр. Солардың арасынан шыға алған адамдарымызды іс-шараға қатыстыруға ұйғардық. Күннің ыстығына қарамастан жұмысқа қызу кірісіп жатырмыз.