Current Date: 03-07-2025

Алматыда биіктен құлаған адам мерт болды

Алматыда ер адам «Turar» бизнес орталығының 10-шы қабатынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Бұл дерек бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда 29 жастағы әйел биіктен құлап, қаза тапқан еді.