Current Date: 03-07-2025

«Таза бейсенбі»: Медициналық орталық алаңы тазартылды

Астаналық дәрігерлер қала тазалығына ат салысып жатыр. Бүгін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізді. Шараға 50-ге тарта адам қатысты. Медицина мамандары тығыз жұмыс жоспарына қарамай , кезекшіліктен кейін, тіпті демалыс күндері болса да экоакцияға келіп, белсенді ат салысты.

Асхат Сапаров, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының орынбасары:

Іс шараның аясында бүгін Ұлттық Шұғыл медицина үйлестіру орталығында «Таза бейсенбіні» өткізу шарасын қолға алдық. Осы жерде өзіміздің ұжымның сол бастауыш партия ұйымының мүшелері, «Аманат» партиясының мүшелері бүгін осы іс-шараға қатысуға шығып жатыр.

Оңғар Алпысбайұлы