Каталондық команда дәрігерінің кенеттен қайтыс болуына байланысты Испания Ла лигасының 27-туры аясында жоспарланған "Барселона" – "Осасуна" арасындағы матч өтпейтін болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Матч 8 наурызда кешке өтуге тиіс болған. Алайда, "Барселона" өкілдері ойынды кейінге шегеруді сұрап, мұны командада қайғылы жағдайдың болуымен түсіндірген. Артынша, дәрігердің көз жұмғаны туралы ақпарат клубтың X әлеуметтік желіcіндегі парақшасында жарияланды.
"Барселона" футбол клубы бірінші команданың дәрігері Карлес Миньярро Гарсияның қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды жариялауға мәжбүр. Соның салдарынан "Барселона" – "Осасуна" матчы кейінге шегерілді", — делінген жазбада.