Доллар бағамы 550 теңгеден асты. Осылайша төл валюта шілденің басынан бері 5,8% әлсіреді. Осыған орай Ұлттық банк интервенция жүргізуге кірісті. Себебі теңгенің құнын құлдырататындай экономикалық фактор болған жоқ. Керісінше, мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 70 доллардан асып, жаһандағы АҚШ валютасының әлсіреу үрдісі сақталған .
Осыған орай Ұлттық банк ахуалды мұқият қадағалап, валюта нарығының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін шұғыл шара қабылдауға дайын екендігін хабарлады.