Current Date: 02-08-2025

Оралда «Өнеге» руханият үйі ашылды

Оралда «Зерде-Память» қоғамдық қорының бастамасымен рухани-ағартушылық бағыттағы «Өнеге» руханият үйі ашылды , деп хабарлайды 24kz.

Мұнда еңбек ардагері, қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебаевтың өмір жолына қатысты мәліметтер, өңір дамуына қатысты құнды жәдігерлер жинақталған. Өңір дамуына сүбелі үлес қосқан қайраткер, музей есігі зейінді жастарға әркез ашық екенін айтады.

Қуанышбай Төлебаев – Сыр өңірінің перзенті. Еңбек жолы Қазалыда басталған. Өндіріс пен құрылыс саласына басшылық етті. Ал 35 жасында Орал облысының су шаруашылығы және мелиорация басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. Облыс орталығында, Бөрлі ауданында жоғары лауазымдарда қызмет атқарды. Жұмыс бабында талай жақсы-жайсаңдармен кездеседі, ел мен жердің тағдырына қатысты қабылданған маңызды шешімдердің басы-қасында болды. Руханият үйіндегі экспонаттар сол кезеңнен сыр шертеді.

Қуанышбай Төлебаев, еңбек ардагері:

- Ақсай жерінде, Қарашығанақ елінде содан жинаған экспонат кітаптар. Осы экспонат тарихтың кітабы. Осы тарихтың, 3 мың жылдық тарихтың дүниесі бар ішінде. Аралап көрген адам өте бай болып, рухани-мәдени, біздің ұлтымыздың қазақи болып, дәстүрге салтқа жол ашылады.

Руханият үйінің ашылуына Қуанышбай Төлебаевпен кезінде қызметтес болған еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сөз алғандар ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, тарихи-мәдени мұраны сақтауда жаңадан ашылған нысанның орны ерекше екенін айтады.

Мұрат Сабыр, филология ғылымдарының докторы:

- Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Пікірлес, ниеттес, рухтас адамдардың жиналып пікір алмасатын, әртүрлі шара өткізетін, яғни, елге өнеге көрсететін деген сияқты. Сондықтан рухани-мәдени үй ретінде Қуанышбай Төлебаев өзінің идеясын тастап, осындай бір «Зерде-Память» деген қоғамдық қоры бар, Кеңес Үкіметінің соңғы ширек ғасырдағы қазақ үкіметінің, қазақ қоғам қайраткерлерінің фотолары да осы жерге жинақталған. Сондықтан бұл тұнып тұрған тарих мына музей.

Еңбек ардагері Руханият үйінің есігі зейінді, ізденімпаз жастарға әрқашан ашық екенін айтады.

Авторлары: Е.Жылқайдарұлы, Б.Жарылғасов