Current Date: 11-09-2025

Қазақстанда жасалған көліктер экспортқа шығады

«Made in KZ» бағдарламасы еліміздің өндірістік әлеуетін таныстыруды жалғастырады. Бүгін біз Қазақстандағы автокөлік өнеркәсібінің жүрегі — Қостанайдағы зауытқа ат басын бұрамыз. Елімізде шығарылған көліктердің әрбір екіншісі Қостанайдағы осы зауыттан шығады. Бұл темір тұлпарларда құрастыруда жоғары инженерлік шеберлік пен заманауи технологиялар табысқан жер. Біз тізгіндеп жүрген танымал автокөліктердің қалай шығарылатынын өз көзімібен көрейік.