Абай облысында «Келешек мектептері » ұлттық жобасы аясында бес мектеп бой көтереді.
Осылайша 3 мың орын тапшылығын жою көзделген. Қазір жоспарланған бес мектептің екеуі іске қосылды. Енді екеуі, жыл соңына дейін ашылады. Соның бірі Семейдегі Водный кентінде 600 орынға арналған жаңа мектеп. Білім ошағында өткен Ашық есік күніне 100-ден аса ата-ана мен 60 шақты оқушы келді. Жаңа үлгідегі үш қабатты ғимаратта 28 заманауи оқу кабинеті, аспаздық және, тігін шеберханалары бар. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін жаңа мектепте барлық жағдай жасалған. Айта кетейік, мұндай шара өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Тілек Сапышев, Мектеп директорының міндетін атқарушы:
- Бұл мектептің басты ерекшелігі бастауыш сынып оқушылары өздеріне арналған блокта білім алады. Бұл ең бірінші олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Ал орта буын өздерінің жеке блоктары, жеке кіріп шығу есіктері орналастырылған. Бұл балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударады және бейнебақылау камералары шоғырланған. 96 камерамыз бар. Ішкі сыртқы бақылауды толық жүзеге асырады.
Альгиз Айтмұхаметова, оқушы:
- Водный кентіндегі №52 жалпы орта білім беретін мектеп ашылғанына өте қуаныштымыз. Мен үлкен спорт жолында жүргендіктен мұндай мектептер біздің жаттығуымызға, біліміміздің шыңдалуына үлкен септігін тигізеді.