Current Date: 14-03-2025

Астанада бір күнде 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Астанада бүгін таңнан бері қар жауып, ақтүтек боран. Қолайсыз ауа райының салдарынан қозғалыс қиындады. Қала ішінде 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Республикалық бағыттардағы бірқатар күре жол жабылды. Жолға шыққан көліктер кері қайтарылып жатыр. Автожолдардағы жағдай қалай? Қаладан шыға берістегі бекеттердің біріне барған тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес, жағдайды баяндайды.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

«Астана-Қарағанды» тас жолындағы қозғалыс шектелді. Міне көріп тұрғандарыңыздай Күйгенжар бекетінде қазір көліктер қаз-қатар тізіліп полицейлердің нұсқауын күтіп тұр. Қазір жолаушылармен тілдесіп, қайда бағыт алғанын анықтап көрейік.

БЛИЦ

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Бұған дейін синоптиктер Ақмола облысы аумағында қар жауып, боран соғатынын оған қоса көктайғақ болатынын ескерткен еді. Дегенмен қолайсыз ауа райына қарамастан жолға шыққандардың көп екенін көріп тұрмыз. Қазір көлік қозғалысын реттеп тұрған полицейлермен сұхбаттасайық. Ассалаумағалейкум, айтыңызшы Астанада мүлде шығуға рұқсат жоқ па? Әлде жақын маңдағы елдімекендерге баруға бола ма?

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

«ҚазАвтожол» компаниясының мәліметінше, «Астана-Қарағанды» тас жолынан бөлек «Астана-Қостанай», «Астана-Петропавл», «Астана-Шучье» сынды республикалық маңызы бар бірнеше автожол жабық. Олардың қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Бүгін сондай-ақ Астана әуежайының баспасөз қызметі 14 рейстің уақынан кешіккенін хабарлады. Оның 6 ұшуы тиіс, ал 8-і ұшып келуі керек болған. Қазір 20-дан астам техника аэропорт маңын қардан тазартып жатыр екен. Синоптиктер алдағы күндері осындай ауа райы сақталады дейді. Яғни қар жауып, боран соғады. Сондай-ақ көктайғақ болады. Сондықтан мамандар алысқа шықпауға кеңес береді.

Нұрсұлтан Тілектес