Current Date: 14-03-2025

Шымбұлақтағы қар көшкініне қатысы болуы мүмкін туристер анықталды

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының өкілдері бүгінгі қар көшкініне қатысы бар болуы мүмкін адамдар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды шаңғы базасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

10 наурызда таңғы сағат 10 шамасында "Шымбұлақ" курортының аумағында қар көшкіні жүрді. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға байланысты – үш шаңғышы қар көшкінінің жүруіне ықпал етті деп мәлімдеді. Бұл нұсқаны курорт өкілдері де растады. "Шымбұлақ" күзет қызметі тәртіп бұзушыларды іздеумен айналысып жатқаны хабарланды.

Кешке қарай демалыс орнының Telegram-дағы арнасында тәртіп бұзды деген адамдардың жеке басы анықталғаны белгілі болды.

"Ереже бұзушылар табылып, олардың жеке басы анықталды", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ курорт өкілдері оқиға бойынша өз хронологиясын ұсынды:

09:17 – қар жамылғысын сынақтан өткізгеннен кейін "Комби 2" аспалы жолы ашылды. Жолдан тыс аумақтар торлармен және "Қар көшкіні қаупі", "Жабық", "Кіруге болмайды" деген белгілермен қоршалған.

09:58 – Школьник тауында ("Комби 2" ауданы) қар көшкіні жүрді.

10:02 – құтқарушылар аумақты жедел зерттеді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.