Current Date: 14-03-2025

Жүрегінде дерті бар 7404 адам есепке алынған

Жамбыл облысында скринингтік тексерулер жоспарға сәйкес жүргізілген. Нәтижесінде жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша 7404 адамның науқас екені анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаевтың айтуынша, Жамбыл облысы бойынша жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша жыл ішінде 88066 адам текресуден өткен. Олардың 8,21 пайызы немесе 7404 адамнан ауру анықталып, диспансерлік есепке қойылған.

«Бұдан бөлек, қант диабеті бойынша да 88 мыңнан астам тексерілді. Олардың 1,20 пайызы немесе 1081 адамның дертті екені белгілі болып, есепке алынды. Ал глаукома дерті бойынша тексеруден өткен азаматтардың 173-і дертке шалдыққаны анықталды.

Сондай-ақ, сүт безі обыры бойынша 51 420 әйел маммографиядан өтті. 10 309 әйелден (20,0%) ауру анықталып, диспансерлік есепке алынды. Ал жатыр мойны обыры бойыша 47 541 әйел цитологиялық зерттеуден өткізілді. 2 297 адамнан (4,8%) ауру анықталып, олар да диспансерлік есепке тіркелді», дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Жамбыл облысы