Current Date: 11-09-2025

Қытайдағы ірі кәсіпорындардың табысы артты

Қытайда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың табысы артты.

Биыл қаңтар-шілде аралығында саладағы алпауыттардың кірісі 78 трлн юаньнан асқан. Қытайдың мемлекеттік статистика бюросының мәліметі бойынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға көп. Өндіріс ошақтарының жылдың алғашқы ширегінде табысы біршама төмендегенімен кейін еселеп өскен. Әсіресе шілдеде 6,8 пайызға дейін көтеріліп, жақсы нәтижемен аяқталған.