0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Маңғыстауда Атамекен ауылында қар күрт еріп, тұрғындарды әбігерге салды. Қар суынан «Болашақ», «Туған ел», «Көктем» және «Арай» тұрғын үй массивтеріндегі жеке үйлердің аулаларына қарғын су кірген. Су сору жұмыстары 5 күннен бері жүргізіліп, 9 мың текше метр су шығарылған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазір жағдай тұрақты. Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар үйлерін тастап кетпеген.
Аягөз Оралбайқызы