Елде әуе тасымалы кезінде жолаушылардың құқығы заңмен қорғалады .
Алайда рейстің кешігуі, билет қайтарудағы қиындықтар, сапасыз қызмет көрсету сынды мәселелер қоғамда жиі көтеріліп жүргені жасырын емес. Мұндайда не істеу керек?
Назерке Тоқжан, тілші:
- Әлеуметтік желіні қазбалай берсең, мұндай келеңсіз жайттар жауыннан кейінгі саңырауқұлақша қаптап шыға келеді. Бәрін болмаса да біразын байыппен шешуге болады, оған заң қауқарлы, дейді мамандар. Құқыңыз тапталып, көпе-көрнеу әділетсіздік көрдім десеңіз, ендеше құлақ түріңіз.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
- Рейс кешіккен кезде, мысалы: 2 сағаттан астам рейс кешіксе, үнемі айтамыз, салқын сусындар берілуі керек. 4 сағаттан астам ыстық тамағын беруі керек. Одан көп, 6-8 сағат болса түнгі уақыттары қонақжайға жайғастыруы керек. Сонымен қатар әуежайдан қонақжайға алып баратын трансферды әуе компаниясы беруі керек.
Демек, Заң жүзінде ұшақ бірнеше сағатқа кешіксе, тасымалдаушы компания ыстық тамақпен қатар жатын орын ұсынуға міндетті. Бұған қоса, жетегінде жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала бөлмесі беріледі. Егер рейстің жөнелтілуі екі сағаттан астам уақытқа шегерілсе, жолаушы халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалуға, сондай ақ электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберуге құқылы. Ал кешігу бес сағаттан асса, компания басқа да рейс қарастыруға немесе билеттің толық сомасы өтеп беруі шарт. Сондай-ақ:
Тұрсын Баткенқызы "Сапа" тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығы төрағасының орынбасары:
- Әрбір тұтынушы ақшасын айыппұлмен қайтарып алуға құқысы бар. Менің ақшамды уведомление алғаннан бастап, сендердің самолёттердің үш сағат кешігеді деп. Сол уведомление алғаннан бастап маған ақшамның 3 пайыз қайтарып бер деу керек. 13-45//14-09 Заңнамада 77 -ші бабында тұтынушы мен әуе тасымалдаушының құқы мен міндеті. Сонда нақтылап жазылған.
Назерке Тоқжан, тілші:
- Көптің көкейіндегі ваучер мәселесіне қатысты да ел арасында білместік көп. Мамандардың айтуынша, жалпы мұндай тәжірибе әлемде бар, алайда әуе тасымалында қолданатындар некен саяқ. Осы тұста, билет құнын ваучерлік тәсілмен қайтару қарапайым азаматтарға қаншалықты тиімді деген сауалдың қылаң беруі заңды дерсіз. Ал мұндай жүйеге жүгінген әуе компанияларының әрекеті әділетті ме?
Нұрлан Жаңабаев, адвокат:
- Ваучер деп атауын қарасақ, бұл электронды құжат. Тауарға немесе қызмет көрсетуге берілетін. Қолға көрінбейтін электронды құжат болып тұр. Бұл әуе компанияларының өзінше бір бонус ретінде берілетін нәрсе. Менің ойымша, әділетті емес. Өйткені адам өз ақшасына сатып алды, заңды тұтынушы ретінде. Бірақ белгілі бер себептермен ұша алмай қалды. Яғни, билетті алдын ала қайтарып берді. 2 сағатқа дейін қайтаруға болады. Сол себепті адамның құқы шектеліп тұр деп ойлаймын.
Назерке Тоқжан, тілші:
- Иә, заң бар, бірақ заңсыздық та жетіп артылады. Сондықтан азаматтардың құқығын қорғауды мықтап қолға алу – бүгінгінің кезек күттірмес мәселесі. Әлбетте қамсыз емеспіз. Президент пәрменімен Тұтынушылар құқығын қорғау бойынша Заң жобасы әзірленіп жатыр. Жан жақты талқылаудан соң, жаңа нормалар жиынтығы көп ұзамай Мәжілістің екінші оқылымына жіберіледі.
Тұрсын Баткенқызы, "Сапа" тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығы төрағасының орынбасары:
- Публичная оферта дейді. Билет алғанда сол шығады, егер батырманы басқан болсаң, демек сен келісесің. Егер сен бір жаққа бармайтын болсаң, 30 пайызын ұстап қаламыз деген. Сондай бар. біз соны алып тастайын деп жатырмыз. Ең маңыздысы сол. Монополист әуе тасымалдаушылар өте көп қолданды. Кезінде кәсіпкерлерді қолдау үшін шыққан заңдар, біз енді сол заңдарды алып тастаймыз деп жатырмыз.
Назерке Тоқжан, тілші:
- Демек, жаңа құжаттың мақсаты — жауапкершілікті күшейтіп, әділ қоғам қалыптастыруға септесу. Ал оның орындалуын қадағалап, құқыңыздың тапталмауын талап ету – сіздің таңдауыңыз.
Назерке Тоқжан