Current Date: 10-09-2025

Маңғыстауда мұнай-газ саласында миллиондаған қаржы қолды болған

Маңғыстау облысында мұнай-газ саласында миллиондаған қаржы қолды болған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр мұнай-газ кәсіпорындарында тексеріс жүргізілген. Тексеріс нәтижелері бойынша Oil Transport Corporation ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде заңбұзушылықтар анықталып, соталды тергеп-тексеру басталған.

Тергеу аясында 3 адам ұсталды, оның ішінде кәсіпорын мен мердігер компания басшылары да бар. Сот оларды кінәлі деп танып, әртүрлі жаза тағайындаған:

  • Кәсіпорынның бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеті үшін сотталды. Сот оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
  • Мердігер компанияның екі өкіліне 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.

Сотталғандар 250 млн теңге көлемінде шығынды өтеген. Үкім заңды күшіне енді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget