Current Date: 14-03-2025

АҚШ пен Қытай өзара экономикалық байланысын талқылады

Вашингтон мен Бейжің арасында президент Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің қатысуымен маусым айында АҚШ-та өтуі мүмкін «туған күн саммитін» алдын ала талқылау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Investing ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Уақыт кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені екі басшының да туған күні маусым айында болады. Си Цзиньпин 1953 жылы 15 маусымда, ал Дональд Трамп 1946 жылғы 14 маусымда дүниеге келген.

Жиында экономикалық қысымның күшеюіне байланысты тарифтердің одан әрі көтерілуіне жол бермеу немесе кем дегенде бажды арттыруды кешіктіру үшін келіссөз жүргізу мәселесі талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Қытай тауарларына баж салығын 20 пайызға дейін көтерген еді.