Павлодарлық гинекологтар 55 жастағы науқастың ішінен 20 литр сұйықтық толған алып кистаны алып тастады.
Операция екі жарым сағатқа созылды. Науқас ішінің күрт ұлғаюын байқап, дәрігерлерге жүгінген. Медициналық тексеру нәтижесінде оның іш қуысы мен жамбасында үлкен көлемді ісік бары анықталып, жоспарлы операция тағайындалды. Дәрігерлердің жоғары біліктілігі мен заманауи жабдықтардың көмегімен операция сәтті өтті. Қазір науқас дәрігерлердің бақылауында.
Сымбат Сейітқазинова, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі:
- Операция барысында ісіктің үлкен көлеміне байланысты техникалық қиындықтарға тап болдық. Өсіп шыққан ет бүкіл ішкі ағзаға жайылған. Науқас қатты қиналды. Не отыра алмайды, не жата алмайды. Операция үстелінде тек сол жағымен жатуға мәжбүр болды. Біз операцияны біз сол күйінде жасадық.