Current Date: 14-03-2025

Хромтаудағы жарылыста күйік шалған кенші қайтыс болды

Хромтаудағы жарылыстан кейін күйік шалған кенші қайтыс болды. 28 ақпанда «Болашақ» кен орнында бұрғылау жұмыстары кезінде 4 адам зардап шеккен . Тұтанған оттан олардың денесін түрлі дәрежеде күйік шалды. Зардап шеккендерді бірден жер бетіне шығарған.

Жалпы шахтадан сол жерде болған барлық 228 жұмысшы шығарылды. Күйік шалған екі ер адам Хромтау ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды, біреуі үйге жіберілді, ал төртіншісі реанимацияға түсіп, кейін санавиация көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді. Ол өкпені жасанды жедету аппаратына қосылған еді. Бірақ көрсетілген ем домға қарамастан, 7 наурызда кенші қаза тапты. Осы оқиға бойынша полиция «тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.