0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Сенаторлар шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа тәсілдерін талқылады. Жоғары палатаның Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары микро және макробизнестегі мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Депутаттар ұлттық экономика министрлігін мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу мен іске асыру бойынша мекемеаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін жауапты орган ретінде белгілеу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ қаржылық ресурсты тиімсіз шараларға бөлмей, экономиканың басым бағыттарын қолдауға басымдық берудің маңыздылығы қозғалды.
Ләззат Рысбекова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Үкімет мемлекеттік қолдау шаралары мен тетіктеріне түбегейлі қайта қарауы қажет. Қолдау шараларының тиімділігіне баға бергеннен кейін барлық бизнес субъектілері үшін түсінікті әрі қолжетімді Бірыңғай тізілім қалыптастыру керек. Сонымен қатар, тұрақты мониторинг пен талдау негізінде қаржы және қаржылық емес шаралар арасындағы теңгерімді сақтау қажет.